«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға арналған кеңес өтті

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын  іске асыруға арналған кеңес өтті

Бүгін, 15 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылға арналған 85-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру үшін қабылданған шаралар бойынша онлайн форматта кеңес өткізді.

Кеңеске Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірінші басшылары қатысып, олар жоғарыда көрсетілген жоба бойынша 3 жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.