
Хамзе Ғұлама (-66 кг) финалда алжирлік Бухидель Абдеррахманды иппонмен жеңіп, Сурдлимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Айта кетсек, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары 15-26 қараша аралығында өтуде. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплинада бақ сынайды. Қазақстан ұлттық құрамасы 78 спортшыдан құралған және 8 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды.