
Бүгін, 15 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Махамбет аудандық әкімдігімен бірлесе Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын жоғары деңгейде атап өту тапсырмасын іс жүзіне асыру мақсатында «Сарайшық: Тарихқа тұнған туған өлке» атты ІІ облыстық суретшілер мен қолөнершілер байқауын өткізді. Байқауға облыс көлеміндегі кәсіби суретшілер мен қолөнершілер қатысты. Көрме биыл екінші рет ұйымдастырылды.
Нәтижесінде музей қорық қоры 9 көркемсурет туындысы және 5 қолөнер бұйымдарымен толықты.