Алматыда танымал ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті

Алматыда танымал ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевпен бірге Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Алматы қаласының әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов көрнекті ғалым Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының 90 жылдық мерейтойына арналған «Асыл адам айнымас» атты іс-шараға қатысты.

Сонымен қоса Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткен жиынға ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор, Ұлттық музейдің Физикалық антропология лабораториясының меңгерушісі Оразақ Смағұлұлы, абайтанушы, философия ғылымының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, Халықаралық Түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі Дархан Қыдырəлі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің ректоры, педагогика ғылымының докторы, профессор Тахир Балықбаев, Тарих ғылымының докторы, профессор Уахит Шалекенов, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, фиология ғылымының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжанов, ҚазҰУ Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Жанғара Дəдебаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова жəне өзге де ғалымдар қатысты.