
Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында дзюдодан финал өтіп жатыр.
Ұлттық құрама спортшысы (-60 кг) Шерзат Давлатов ақтық сында Салих Йылдызға (Түркия) ескерту саны бойынша есе жіберді.
Айта кетейік, отандасымыз бүгін ширек финалда Мұса Әбубәкірді (Нигерия), жартылай финалда Махмұд Хусейнді (Мысыр) ұтқан.