
Бүгін Семей қаласына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті.
Басқосуда Мекемтас Мырзахметұлы, Тұрсын Жұртбай, Ғарифолла Есім, Борис Щербаков, Арап Еспенбетов секілді ғалымдар мен абайтанушылар сөз сөйледі.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев абайтануға айтулы еңбек сіңірген, отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.