
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 2-медаль түсті.
Нұрқожа Қайпановтың кіші финалда Василь Диаконнан (Молдова) басым түсті.
Еске сала кетейік, Нұрқожа үшін бұл ересектер арасындағы әлем чемпионатының үшінші медалі. Ол алғаш рет 2019 жылы елімізде күміс жүлде алса, былтыр Тирана қаласында алтыннан алқа таққан.