Орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиада ресми ашылды

Орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиада ресми ашылды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік республикалық Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Биылғы бәсекеде 26 мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жүлдеге таласып жатыр.

«Бұл жарыстың басты мақсаты - спорт арқылы ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық пен сыйластықты арттыру.

Биылғы додада 20-дан астам командадан 1000-ға жуық қатысушы өзара мықтыны анықтайды.

Барлықтарыңызға сәттілік, әділ бәсеке және жарасымды жеңістер тілеймін», - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин.

Сайысқа қатысушылар 4-7 қыркүйек аралығында волейбол, футзал, қазақ күресі, үстел теннисі, қол күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, 3х3 баскетболдан сынға түседі.