
Қазақстандағы ең көне театрлардың бірі - Нұр-Сұлтан қаласындағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры жаңа 120-мерейтойлық театр маусымын ашты.
Осы жылдың басында қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, шығармашылық топ жергілікті және арнайы шақырылған мамандар режиссерлік еткен бірнеше спектакльдерді шығара алды.
Атап айтқанда, «Жастық-адам» («Человек-подушка»), «Неке» («Женитьба»), «Найзағай» («Гроза») сияқты қойылымдар өткен маусымда жарық көрді. Театр әртістері жаңа маусымды А.Островскийдің «Найзағай» («Гроза») атты ең танымал әлеуметтік-психлогиялық драмасымен бастап отыр.
Еске салайық, бұл спектакльді Санкт-Петербург театрының режиссері Рача Махатаев қойды. Қойылымның суретшісі Ильшат Вильданов - екеуі де Ресей мемлекеттік орындаушылық өнер институтының түлектері (СПбГАТИ).
Атақты спектакльдің сюжеті кішкентай кезінен ата-ананың махаббатында өскен Катерина есімді әйелдің трагедиялық тағдыры туралы баяндайды. Тұрмыс құрған соң ол еріксіз күйеуінің үйінде азап шегеді және қайын енесінің қатыгездігі мен озбырлығының құрбаны болады. Үмітсіздіктен Катерина Бориске деген сүйіспеншілігімен жұбаныш іздейді, бірақ бұл құмарлық қана екенін түсінеді. Борис онымен өмір сүргісі келмейді және қаладан біржола кетіп, сол арқылы сүйіктісіне опасыздық жасайды. Катеринаның өзін-өзі өлтіруі - наразылық, айқай, мейірімділікті сұрау, жақынынан деген сүйіспеншілік және кешірімді іздеу. Осы арқылы көрермен А.Н. Островский жазған классикалық драманың біздің дәуіріміздегі өзектілігін бағалай алады.
Қойылымның актерлік құрамы Островскийдің идеясымен толықтай сәйкес келеді, өйткені мұнда тек образды ғана емес, сонымен қатар кейіпкерлерге тән портретті жеткізу маңызды. Спектакльде Людмила Крючкова, Денис Анников, Сергей Маштаков, Ульяна Штильман, Максим Ященко, Екатерина Максим, Александр Лукашевич, Оксана Бойко, Данил Хомко, Дмитрий Маштаков, Айжулдыз Багланова, Татьяна Степанова, Евгений Карачов т.б өнер көрсетеді.