«Сыбайлас жемқорлық бізге жат!» акциясы аясында кураторлық сағат өтті

«Сыбайлас жемқорлық бізге жат!» акциясы аясында кураторлық сағат өтті

Бүгін, «Сыбайлас жемқорлық бізге жат!» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында кураторлық сағат ZOOM платформасында өтті.

Кураторлық сағатқа Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық  Консерваториясынің ректоры Арман Жүдебаев, проректорлар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі И.В.Олексенко, консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің жетекшісі, консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес мүшелері, барлық курстардың кураторлары, «Саналы ұрпақ» ұйымының белсенді студенттері қатысты.

Онлайн жиында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Марат Қамзолдаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Мерген Дүйсенов, «Адалдық алаңы» өкілі Айгүл Сақтағанова, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесі басшысы Қайыржан Тоқышев сөз сөйледі.

Спикерлер Мерген Дүйсенов пен Айгүл Сақтағанова «Сыбайлас жемқорлық бізге жат!» акциясы аясында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы туралы айтып берді. Сонымен бірге ««Сыбайлас жемқорлық бізге жат!» акциясының міндеттерін, жұмыс жоспарын таныстырды.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу: проблемалары мен шешімдері» атты тақырыпта республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев баяндама жасады. Ол ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

И.В. Олексенко консерваторияда барлық кеңестер студенттер екенін, биылғы қабылдау емтихандары «Адалдық алаңы» кеңсесі өкілдерінің қатысуымен өткізілгенін мәлімдеді.

Консерваторияның оқу бөлімінің меңгерушісі А.С. Сарымсақов консерваторияда студенттер арасында түрлі сауалнамалар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер бақыланғанын жеткізді.

«Халық музыкасы» факультетінің деканы Ержан Жаменкеев консерватория ректоры мен студенттердің қатысуымен Құрманғазы мұраларына арналған концерттердің бейнежазбалары бар екенін, және олар әртүрлі платформаларда, әлеуметтік желілерде орналастырылғандығын айтып өтті.