
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен 30 қыркүйекте онлайн режимде «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-кеңес өткізеді.
Шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру» туралы идеясын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» міндетін жүзеге асыру жолдарын қарастыру.
Онлайн бас қосуда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этно-мәдени бірлестіктің басшылары мен оқытушылары пікір алмасып, ұсыныстарын айтады.
Шарада Павлодар облыстық еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Татьяна Сливинская, «Ватра»Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Николай Путилин баяндама жасайды.
Өтетін уақыты: 30 қыркүйек 2020 жыл.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық үйі.
Басталуы: сағат 11-00.
Журналистер үшін мына сілтеме бойынша тікелей байланыс жұмыс істейді:
Идентификатор нөмірі:
(Қажет болған жағдайда)
812 7544 2203