Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Туризм күнімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Туризм күнімен құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Туризм күнімен құттықтады.

«Құрметті туризм саласының қызметкерлері!

Сіздерді және осы саланың дамуына өз үлесін қосқан барлық азаматтарды жарты ғасырдан астам уақыт бойы аталып келе жатқан Бүкіләлемдік туризм күнімен құттықтаймын.

Соңғы жылдары елімізде туристердің келуіне қолайлы болуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Инфрақұрылым дамып, нормативтік-құқықтық база мен кадрлық әлеует жетілдірілуде, мемлекеттік қолдау шаралары енгізіліп, жаңа объектілер салынуда, сондай-ақ қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілуде.

Туризм еліміздің кең байтақ жерін аралауға және тарихи-мәдени нысандармен танысуға қызығушылығы артып келе жатқан адамдар өмірінің ажырамас бөлігі.

Пандемияның бүкіл саяхат индустриясына үлкен өзгерістер енгізгені сөзсіз, бірақ біз, осыған қарамастан, карантиндік шектеулердің әсерін жеңілдететін бірқатар шараларды бірге әзірлеп, енгіздік.  

Бұл ретте туристік қоғамдастықтың аталған процесстердің барлығына белсенді қатысқанын ерекше атап өткім келеді. Осы жылдың барша қиындықтарына қарамастан, сіздер батылдықты сақтап, саламыздың одан әрі жұмыс істеуін жалғастыруы үшін күш салып келесіздер.

Бүгінде жағдай бірте-бірте тұрақтануда және Қазақстан саланы қалпына келтіру үшін, сондай-ақ одан әрі дамыту жөніндегі қосымша шаралар қабылдау үшін қажетті ресурстарға ие. Нәтижесінде, заңнамалық деңгейде кәсіпкердің инвестициялық шығындарының бір бөлігін өтеу, салықтық және кедендік артықшылықтар беру, келу туризмі саласындағы туроператорларды субсидиялау, 15 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде туристік мақсаттарда тегін ұшуды ұсыну сынды және өзге де шаралар енгізілуде.

Осы шаралардың барлығы біздің ішкі және келу туризмін дамыту саласындағы ұстанымдарымызды күшейтуге мүмкіндік береді.

Қымбатты достар, сіздерге шыдамдылықтарыңыз бен саланы дамытуға деген нық сенімдеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Баршаңызға зор денсаулық, алға қойған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуын, сенімді серіктестер мен жаңа туристік өнімдер тілеймін!»,- деп жазылған құттықтау хатында.