Қарақат Башанова Junior Eurovision-2020 байқауына қатысады

Қарақат Башанова Junior Eurovision-2020 байқауына қатысады

Варшавада (Польша) өтетін Junior Eurovision-2020 байқауына Қазақстан атынан қатысатын жеңімпаз анықталды.

«Хабар» арнасының тікелей эфирінде  өткен «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеуінің финалында Алматы облысы Рысқұлов ауылынан келген Қарақат Башанова жеңіске жетті.

Жас әнші әкесіне арналған «Forever» әнін орындады. Композицияны өткен жылы Junior Eurovision-де өнер көрсеткен Ержан Максимнің «Арманыңнан қалма» әнінің авторы Хамит Шанғалиев шығарған. Қарақат көрермендердің және қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша жеңімпаз деп танылды. Енді Қарақат Қазақстанның атынан халықаралық гранд-финалда өнер көрсетеді.

 

Жас әнші бес жасынан бастап вокалмен айналысып келеді. Қазір ол Алматыдағы К.Байсейітова атындағы музыка мектебінде Талғардан қатынап оқиды.