Аналар күніне арналады

Аналар күніне арналады

АНА... осынау қасиетті сөзде қаншама жылулық пен сүйіспеншілік бар, мейірім мен махаббат бар. АНА... деген кезде әр адамның болмысы ерекше жадырап шыға келеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Аналар күнін мерекелеуге орай әрбір қазақстандықты "АНАҒА АРНАУ" флешмобына қатысуға шақырады.

Флешмобқа қатысу үшін:

✔️ Анаға арналған видеоны өз парақшаңызда көрсетіңіз

✔️ #АнағаАрнау хэштегімен туыстарыңызды, достарыңызды белгілеңіз.

Үздік видеоларды Министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында бөлісеміз.

Әлемдегі ең жақын адамыңызға қуаныш сыйлап, құттықтауды ұмытпаңыз.