
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме немесе Мектеп – интернат – колледж) «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қатысуымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясы шеңберінде бейне конференция байланыс арқылы Мектеп – интернат – колледжінің 10-шы сынып оқушыларының арасында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – шарасы өткізілді.
Іс-шараға «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері Мерген Дюсенов, Айгүл Сақтағанова, Сәкен Беков, сонымен қатар Мекеменің директоры Мәлік Сапашев және Мекеменің жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі, заңгер Гүлмира Омарова қатысты.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы А.А. Аңсағанова «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.
Баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарына тоқталды, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жаңа бастама қалыптасып жатқанын, азамат пен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органдарын қалыптастыру бағытында құрылған превенция, парасаттылық, серіктестік департаментінің қызметіне тоқталды.
Нұр – Сұлтан қаласында 686 «Адалдық Алаңы» жобалық кенселері ашылып, халықпен тікелей байланыста жұмыс жүргізілетіні және сыбайлас жемқорлыққа қарыс күрестін негізгі мақсаты – тұрмыстық жемқорлықты жою екендігін баяндады.
Сонымен қатар, дәріс барысында, Нұр – Сұлтан қаласында ай сайын «Адалдық сағаттары» өткізіліп тұратынын, соның ішінде қыркүйек айында қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, философ, математик, музыка теоретигі, Шығыс ғалымы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы Қожа Ахмет Ясауиға арналған «Адалдық сағаттары» өткізілгеніне тоқталды.
Жастармен жұмыс істейтін «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» клубтарының жұмыстарын таныстырып өтті. Жас спортшыларға парасаттылық, адалдық туралы құндылықтарды айта келе, ағымдағы жылы қазан айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде өтетін қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күніне арналған «Адалдық сағаты» іс-шарасына қатысуға шақырды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі Мектеп – интернат – колледжінің оқушыларына «сыбайлас жемқорлық» ұғымы не білдіретіні туралы сұрақ қойды, өз тарапынан жиынға қатысқан 10 сынып оқушылары белсенділік танытып, пікірлерін білдірді.
Келесі сөз кезегін «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі А.Ә. Сақтағанова алды. Ол «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің қызметімен таныстырып, жобаның атқаратын қызметін түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің маңызды екендігін айтты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында, оның ішінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп – интернат – колледжінде «Адалдық Алаңы» жобалық кеңселері ашылғаны, онда әрбір білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша брошюралармен, әдістемелік құралдармен таныса алады, сондай-ақ сенім телефондары бойынша жүгіне алады, онда «Адалдық Алаңы» уәкілетті өкілдері туындаған сұрақтарға толық жауап беретін болады.
Мекеме директоры М.А. Сапашев қорытынды сөз сөйлеп, іс – шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, мектеп – интернат - колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты, адалдықты, мемлекеттік мекеме қызметінің ашықтығы мен айқындығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.