
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға арналған Жол картасының 10-тармағын жүзеге асыру аясында «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінің директоры, белгілі ақын Олжас Сүлейменовпен ZOOM платформасы арқылы кездесті.
Кездесу барысында музейдің 2021-2022 жылдарға жоспарланған қызметі, негізгі бағыттары мен кей мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі «Мәдениеттерді жақындастырудың 2013-2022 жылдарға арналған халықаралық онжылдығы» бағдарламасы аясында көптеген мəдени іс-шараны ұйымдастырып келеді.
Енді аталған бағдарламаның жалғасы ретінде ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығымен бірлесе «Білім мәдениеті» жобасы жүзеге асырылады. Жоба мақсаты - адамзат қоғамының тұрақты дамуына үлес қосу.