Меню

Страницы

Статья

Жеті әлем чемпионы мен Олимпиада жүлдегері: Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы Қазақстан құрамасы

2025 жылдың 7–21 қараша күндері Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді.

Екі апта бойы 24 спорт түрі бойынша 270 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Биыл алғаш рет джиу-джитсу мен муайтай спорт түрлерінен де медальдар ойнатылады.

Ислам ынтымақтастығы ойындары: даму тарихы

Алғашқы ойындар 2005 жылы Сауд Арабиясында ұйымдастырылды. Оған барлық құрлықтан мемлекеттер қатысады: Африкадан – 27 ел, Азиядан – 25, Еуропадан – 3 және Оңтүстік Америкадан – 2 мемлекет. Екінші ойындар өткізілмей қалса, үшінші ойындар 2013 жылы Индонезияның Палембанг қаласында өтті. Төртінші ойындар 2017 жылы Бакуде (Әзербайжан), ал бесіншісі 2022 жылы Коньяда (Түркия) ұйымдастырылды. Биыл, 20 жыл өткен соң, Сауд Арабиясы қайтадан жарыс қожайыны атанып отыр.

Қазіргі таңда ел халықаралық жарыстарды белсенді түрде өткізіп келеді: Сауд Арабиясы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын, 2034 жылғы жазғы Азия ойындарын және футболдан әлем чемпионатын қабылдау құқығына ие. Сонымен қатар ел 2036 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге де үміткер.

Ел намысын кімдер қорғайды?

Қазақстан сапында 98 спортшы — 48 ер және 50 әйел — 15 спорт түрі бойынша бақ сынайды. Қатысушылар саны жағынан біздің құрама 57 елдің ішінде 10-орында тұр.

Олардың қатарында әлем чемпиондары:

Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов (ауыр атлетика), Ризабек Айтмұхан және Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Рамазан Құсайынов пен Жібек Құлымбетова (джиу-джитсу), Әбіл Ғалиев (муайтай), сондай-ақ Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (каратэ WKF). Қазақстан құрамасынан ең көп спортшы дзюдо (11 адам), жеңіл атлетика (10) және джиу-джитсудан (9) қатысады.

Біздің жетістіктеріміз

Қазақстан спортшылары Ислам ынтымақтастығы ойындарының тарихында жалпы 134 медаль жеңіп алған: 42 алтын, 36 күміс және 56 қола.

Алтын медаль саны бойынша көшбасшы спорт түрі — жүзу (17 алтын). Одан кейін ауыр атлетика (8), велотрек (5), кикбоксинг (4), бокс (2), гимнастика (2), каратэ (3), жеңіл атлетика (1) және күрес (1) түрлері келеді.

2021 жылы Түркияның Конья қаласында өткен соңғы ойындарда Қазақстан құрамасы 27 алтын, 23 күміс және 39 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бесінші орынға ие болды.

Дата публикации
05 ноября 2025
Дата обновления
05 ноября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 сентября 2026
Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы
Ақпарат
20 июля 2026
Цифрландыру
Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Kids Go Free бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы