Меню

Страницы

Статья

Қазақстан XXV жазғы Сурдлимпиадаға 8 спорт түрі бойынша қатысады

XXV Жазғы Сурдлимпиада 2025 жылғы 15-26 қараша аралығында Жапонияның Токио қаласында өтеді. Аталған ойындарға әлемнің 80 елінен 3000-ға жуық спортшы 21 спорт түрі бойынша қатысады деп жоспарлануда.

Бұл іс-шара Сурдлимпиаданың 100 жылдығына орайластырылған, өйткені тұңғыш Сурдлимпиада 1924 жылы өтті. Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты  15 қараша, ал жабылу салтанаты 26 қарашада Токио Митрополиттік гимназиясында жоспарланған.

Спорт түрлері бойынша жарыстар келесі 8 нысанда өтеді: 

- Комазава Олимпиадалық паркі – жеңіл атлетика; 

- OI Орталық теңіз саябағының жеңіл атлетика ғимараты - жеңіл атлетика - балға лақтыру;

- Токио жүрдек және яэсу бағыты – марафон;

- Токио су спорт түрлері орталығы – жүзу; 

- Токио Будоканы – дзюдо; 

- Накана қалалық гимназиясы – таеквондо; 

- Токио Кейо аренасы – бадминтон; 

- Футю Кёда но Мори спорт залы – еркін және грек-рим күресі.

Логотип

Логотип авторы – Ибуки Тада. Ол  Цукуба технология университетінің өнеркәсіптік технологиялар факультетінің синтетикалық дизайн кафедрасының 4-курс студенті.

Эмблеманың тақырыбы – адамдар арасындағы байланысты білдіретін «шеңбер».  Эмблема үш элементті біріктіреді: саусақ (есту қабілеті бұзылған қоғамдастықтың символы), шеңбер және гүл. Эмблема Сурдлимпиаданың идеясы мен жарыстар арқылы адамдардың бір-бірімен байланысып, осы ойындар арқылы құрылған қауымдастықтардың біртіндеп шеңбер тәрізді бірігіп, болашақта жаңа «гүлдердің» – жетістіктер мен мүмкіндіктердің – бүр жарып шығуын білдіреді. Гүлдің бейнесі ретінде гүлдеп тұрған сакураның күлтелері алынған.

Маскот 

2025 жылы Токиода өтетін Сурдлимпиаданың ресми талисманы – Юрито.  Юрито турнир эмблемасындағы гүлдеген сакура күлтесінің мотивімен үйлесетін сакура түсті футболка киеді.  Сакура гүлінің түсі – Жапонияның дәстүрлі түсі. «Сомэй Ёсино» гүлдеген шие ағашы Токио қаласының ресми символы ретінде белгіленген және бұл бейне Жапонияны елестететін гүл ретінде Жапонияда ғана емес, бүкіл әлемде кеңінен танылған. Осыған байланысты, гүлдеген сакура түсі турнирдің негізгі түсі ретінде қолданылатын болады.

Қазақстан алғаш рет 1997 жылы Сурдлимпиадаға тәуелсіз мемлекет ретінде қатысып, осыған дейін 6 жазғы және 3 қысқы Сурдлимпиадада 8 алтын, 8 күміс және 26 қола медаль жеңіп алды. Соңғы XXIV жазғы Сурдлимпиада 2022 жылы Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтті. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы бұл жарысқа 8 спорт түрінен 63 спортшымен қатысып, рекордтық 29 медаль (4 алтын, 7 күміс және 18 қола) жеңіп алды. Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте 73 елдің ішінен 13-орынға ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы Жапонияда өтетін XXV жазғы Сурдлимпиадаға 8 спорт түрі бойынша қатысады: грек-рим күресі, еркін күрес, жүзу, таеквондо, дзюдо, үстел теннисі, жеңіл атлетика және бадминтон.

Дата публикации
10 июня 2025
Дата обновления
10 июня 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 сентября 2026
Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы
Ақпарат
20 июля 2026
Цифрландыру
Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Kids Go Free бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы