Қытайдағы IX қысқы Азия ойындары Харбин қаласынан бөлек, Ябули тау-шаңғы курортында да өтіп жатыр. Ябули курорты – Қытайдың ең танымал қысқы демалыс орындарының бірі саналады. Аймақтың қысы қатты, қары қалың болса да, табиғаты спортшылар мен қысқы спорт түрлерін ұнататындар үшін өте қолайлы.
Ұйымдастырушылар жарысқа келген қонақтарды таңқалдыру үшін ерекше тәсілдерді қолданған. Олар спортшылар мен жанкүйерлерді әсерлі атмосферамен қарсы алу мақсатында қардан тау тұрғызып, түрлі мүсіндер жасаған. Мүсіндерден әртүрлі бейнелерді көруге болады.
Айта кетейік, Ябулиде тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, ски-альпинизм және фристайл-акробатика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтіп жатыр.