Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда пара биатлон мен пара шаңғы жарыстарының дамуы

Пара биатлон мен пара шаңғы жарыстары – жоғары физикалық дайындықты, төзімділікті және дәлдікті қажет ететін динамикалық қысқы спорт түрлері. Пара биатлон шаңғы жарысы мен нысана көздеуді біріктіретін спорт түрі, мұнда спортшылар жылдамдық пен дәлдікті қатар ұштастыруы керек. Ал шаңғы жарыстары спортшылардан жоғары жылдамдық пен түрлі қашықтықтарда тактикалық шеберлікті талап етеді.

Қазақстанда аталған спорт түрлерін дамыту міндеті Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына жүктелген. Орталық жыл сайын пара биатлон мен пара шаңғы жарыстарынан Қазақстанның чемпионаттары мен кубоктарын ұйымдастырады. Осы республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген спортшылар елдің ұлттық құрамасына іріктеледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл спорт түрлерімен 100-ден астам адам айналысады. Олардың ішінде 25 спортшы ұлттық құрамаға, ал сегіз үздік спортшы штаттық құрамға кіреді. Паралимпиадалық қысқы спорт түрлерінің бас жаттықтырушысы – Василий Коломиец, аға жаттықтырушы – Антон Жданович.

Жетістіктер тарихы

Қазақстан қысқы Паралимпиадаға алғаш рет 1994 жылы қатысып, Лиллехаммердегі ойындарда Любовь Воробьёва күміс жүлде жеңіп алды. Ал 2018 жылы Пхёнчханда өткен Паралимпиадада еліміздің спортшысы Александр Колядин алтын жүлдеге ие болды. 2022 жылы Пекинде өткен Паралимпиадада Александр Герлиц қола жүлде алса, Ербол Хамитов Швециядағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды. 2024 жылы Хамитов Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді және Әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды. Александр Герлиц те осы кезеңдерде жоғары нәтижелер көрсетті.

Сонымен қатар, елімізде пара шаңғы жарыстары мен биатлонның дамуына республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған ұлттық құрама спортшылары – Владислав Кобаль, Нұрлан Әлімов, Денис Зинов, Юрий Березин және Сергей Усольцев зор үлес қосты.

Алдағы жарыстар

2025 жылы ұлттық құрама спортшылары бірнеше маңызды жарыстарға қатысады:

  • 27 қаңтар – 2 ақпан: пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогы, Италия, Валь-де-Фьемме.
  • 3–9 ақпан: пара биатлоннан әлем чемпионаты, Словения, Поклюка.
  • 12–14 ақпан: пара шаңғы жарысынан әлем чемпионаты, Италия, Тоблах.
  • 28 ақпан – 2 наурыз: пара шаңғыдан әлем кубогы, Норвегия.
  • 4–5 наурыз: пара шаңғыдан әлем чемпионаты, Норвегия, Тронхейм.
  • 6–11 наурыз: пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогы, Швеция, Торбсю.
  • Наурыз: пара шаңғы мен пара биатлоннан Қазақстан чемпионаты, Щучинск.
  • Қыркүйек: Паралимпиадаға оқу-жаттығу жиындарының 1-кезеңі, Щучинск.
  • Қараша: Паралимпиадаға оқу-жаттығу жиындарының 2-кезеңі, Финляндия.
  • Желтоқсан: пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогының кезеңі.

Бұл жарыстар 2026 жылы Милан-Кортинеде өтетін қысқы Паралимпиаданың алдындағы рейтингтік жарыстар. Қысқы ойындарға өз классында топ-8 спортшы қатарына енген спортшылар ғана жолдама алады.

«Паралимпиадаға бір жыл уақыт қалды. Алда бізді рейтингтік жарыстар күтіп тұр. Олардың алғашқысы 27 қаңтарда Италияда басталады. 2024 жылы Әлем кубогының кезеңдеріне дейін команда Германияда (10–28 тамыз), Ресейде (26 қазан – 8 қараша) және Финляндияда (22 қараша – 8 желтоқсан) өткен оқу-жаттығу жиындарында қарқынды дайындықтан өтті.

Сонымен қатар, спортшылар үшін жылына екі рет оқу-медициналық тексерулер (УМО) және дәрумендендіру бағдарламалары ұйымдастырылады, бұл олардың жоғары физикалық дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Алдағы жарыстарда еліміздің  спортшылары Қазақстанды лайықты деңгейде танытады деп сенемін», – деп атап өтті бас жаттықтырушы Василий Коломиец.

Қызықты деректер

  • Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар пара шаңғы мен пара биатлон жарыстарында арнайы шаналарды қолданады.
  • Көру қабілеті зақымданған спортшылар пара биатлонда дыбыстық сигналдар арқылы нысана көздеуге мүмкіндік беретін арнайы винтовкаларды пайдаланады.
  • Пара биатлон Паралимпиада бағдарламасына алғаш рет 1988 жылы Инсбрукте өткен қысқы ойындар кезінде енгізілді.
  • 2022 жылы Қазақстандық паралимпиадашылардың қысқы ойындардағы жетістіктері туралы  еліміздің кинопрокатына «Паралимпиец» атты фильмі жарыққа шықты.
Дата публикации
17 января 2025
Дата обновления
17 января 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 сентября 2026
Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы
Ақпарат
20 июля 2026
Цифрландыру
Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Kids Go Free бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы