«Модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы жергілікті жерлерде, соның ішінде ауылдарда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда. Абай өңіріндегі Ақсуат, Қайнар, Шүлбі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Үржар ауданында балалар спорт мектебінің жүзу бассейні пайдалануға берілді. Демеушілік қаражат есебінен Семей қаласында «Әлем» спорт кешені мен BURA жекпе-жек залы салынды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Таскескен ауылында спорт модулінің құрылысы аяқталды».
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Абай облысы тұрғындарымен кездесуде айтқан сөзінен.