Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қарау бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына ҚР Туризм және спорт министрі Е.Қ. Мырзабосыновтың тезистері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген) Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.

Заң жобасында келесі заңнамалық актілерге түзетулер енгізу көзделген:

- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы
 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;

Анықтама үшін: 1 түзету – «спорттық медицина» ұғымын кеңейту бөлігінде («денсаулық жағдайының ауытқуын ерте анықтау», «профилактика», «психологиялық дайындық» сөздерімен толықтыру).

- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;

Анықтама үшін: 137 түзету, оның ішінде әкімшілік реформаның 2-кезеңі (ревизия) шеңберінде қолданыстағы 66 функцияның 31-і ҚР Туризм және спорт министрлігінің ережесі деңгейіне түсірілді.

  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
    23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

Анықтама үшін: 2 түзету - облыс және республикалық маңызы бар қалалар әкімдігінің және аудандық маңызы бар әкімдіктердің құзыреті деңгейінде «бұқаралық спорт» ұғымын «дене шынықтыру» ұғымына ауыстыру.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872-ші «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы (заңнамалық актілерді тексеру) шеңберінде:

 

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы;

Анықтама үшін: 15 позиция - уәкілетті органның құзыретін ҚР Туризм және спорт министрлігінің ережесі деңгейіне көшіру.

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы
 31 желтоқсандағы «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңы;

Анықтама үшін: 2 позиция - уәкілетті органның құзыретін ҚР Туризм және спорт министрлігінің ережесі деңгейіне көшіру.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары – дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін ең төменгі жасты белгілеу, аккредиттелген спорт федерацияларының мәртебесін республикалық және өңірлік федерациялардан ұлттық федерацияларға өзгерту, басым спорт түрлерін қаржыландыру және спорт түрлерін саралау жүйесін алып тастау болып табылады.

Заң жобасының шешуге бағытталған негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы талаптарының қатаң және мүлтіксіз сақталуы.

Парламент Мәжілісінде Заң жобасының
 136 позициясы қаралды, оның 56 позициясы Үкімет қорытындысына жолданды.

Жобаның жаңалығы:

басым спорт түрлерін олардың рейтингі негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командалардың өнер көрсету нәтижелері бойынша қалыптастыру.

Жобаны әзiрлеудiң алғышарттары мыналар болды.

Қазір республика бойынша 180-нен астам спорт түрі дамытылып отыр. Спорт түрлерінің барлығы бойынша спорт резервін даярлау жүзеге асырылады. Бірақ, жыл сайын 13 жазғы және
5 қысқы олимпиадалық спорт түрінен медал жеңіп алынады.

Анықтама үшін:

Жеңіп алған медалдардың жалпы саны 2018 жылғы 370 медальдан 2020 жылы 105 медалға дейін қысқарды.

Осының бәрі спортшыларды даярлау жүйесіндегі жаттығудың бастапқы кезеңінен жоғары жетістіктер спортына дейінгі сәтсіздіктердің нәтижесі болып саналады.

Осылайша, біз жыл сайын уәкілетті орган ретінде Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен Мектеп-интернаттар шығындарының өскенін байқаймыз. Шығындардың үлкен бөлігі олимпиадалық емес спорт түрлерінің дайындығына жұмсалады.

Анықтама үшін:

2018-2020 жылдары спорттың барлық түрінің дамуына 646 млрд теңге бөлінді, оның 72 пайызына жуығы еліміз үшін басымдығы мен маңызын ескермей бөлінген.

Заң жобасын әзірлеу барысында жақын маңдағы (Өзбекстан, Беларусь) және алыс шет елдердің (Ұлыбритания, Германия, Норвегия) халықаралық тәжірибесі зерттеліп, заң жобасында іске асырылды.

Спорт федерацияларының қызметі де өзгереді.

Анықтама үшін:

Қазіргі уақытта жергілікті, өңірлік және республикалық федерациялар жеке субъектілер болып саналады. Олар бір-біріне бағынбайды. Тиісінше спортты дамыту бойынша тәуелсіз саясат жүргізеді. Осының бәрі мүдделер қақтығысына, жауапкершіліктің бұлыңғырлығына және спортты дамытудың «баяулауына» әкеледі.

Ұсынылып отырған модель жергілікті федерациялардың аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларына бағыныштылығын көздейді.

Осыған байланысты Заң жобасы аясында жоғары жетістіктер түріне жататын спорт түрлерін нақты шектеу ұсынылады. Бұл дегеніміз – Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпия, Азия және Пара Азия ойындары бағдарламасына енгізілген спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.

Олардың ішінде медалдық нәтижесі бар спорт түрлері басым спорт түрлеріне қосылады. Тиісінше, республикалық әрі жергілікті деңгейде бірінші кезекте қаржыландырылады.

Спорт резерві тек жоғары жетістіктер спортының түрлері бойынша даярланатын болады. Оларды даярлау уәкiлеттi орган бекiтетiн спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес қатаң жүргiзiледі.

Осы өзгерістердің барлығы қазіргі спорт жүйесін жаңғыртуға, оның нақты нәтижеге – «медал жеңіп алуға» бағдарлануына алып келеді.

Бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгi және барлық спорт субъектiлерiнiң жауапкершiлiгi артады.

Сонымен қатар, осы мінберді пайдалана отырып, заң жобасына көрсеткен қолдауларыңыз үшін депутаттар корпусына алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Заң жобасын бірінші оқылымда қолдауды сұраймын!

Дата публикации
13 ноября 2024
Дата обновления
13 ноября 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

19 сентября 2026
Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы
Ақпарат
20 июля 2026
Цифрландыру
Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Kids Go Free бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы