Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді.
Бойтұмар «Жарып өту» деген атауды алған. Бойтұмардың эскизі шорт-тректе сынға түсетін спортшының қимылдары арқылы жасалған. Сондай-ақ, Харбиннің сирень гүлі мен оралған лентаның бейнесі де бар. Азия ойындары атауының қысқарған нұсқасы мен Азия Олимпиада Кеңесінің символы да бойтұмар элементіне айналған.
2025 жылғы Азиаданың бойтұмары – сібір жолбарысы Бинбин мен Нини. Ұраны: «Азиядағы қысқы арман мен махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).
Азиаданың салтанатты бөлігі мен жарыстар жеті спорт нысанында өтеді. Олардың қатарында Харбин хоккей аренасы, Халықаралық Харбин конгресс-көрме және спорт орталығы, Харбиндегі Пинфан ауданының хоккей аренасы, Харбин спорт университетінің студентер мұзайдыны, Хэйлунцзян жаттығу орталығының мұздағы жарыстарға арналған көпфункционалды залы, Хэйлунцзян оқу орталығының мұздағы жарыстарға арналған залы, Ябули тау-шаңғы курорты.
Азия ойындарында спорттың 6 түрі мен 11 дициплина бойынша 64 спорттық іс-шара өткізу жоспарлануда. Атап айтар болсақ, спортшылар коньки түрлері (шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау), шайбалы хоккей, керлинг, шаңғы жарысы түрлері (тау шаңғысы, сноубординг, фристайл, шаңғымен жарысу), биатлон және шаңғы альпинизмінен сынға түседі.
Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен.
Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.