2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы қонақ үйлер, демалыс орындары, хостелдер және басқа да орналастыру орындары шамамен 121,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% көп. Яғни, 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындарында қызмет көрсету көлемі 98,7 млрд теңгені құраған.
Сондай-ақ орналастыру орындарының саны 253-ке артып, 4167-ге жетті. Біржолғы сыйымдылық 15 мың төсек-орынға өсіп, жалпы 220 мың төсек-орыннан асты. Бұл – туристерді орналастыру мүмкіндігінің айтарлықтай кеңейгенін көрсетеді.