«Қазіргі таңда ұлттық құрамада 1 200-ге жуық алматылық спортшы бар. Олар 46 спорт түрінің 43-і бойынша ел намысын қорғап жүр. Бұл – негізгі құрамның басым бөлігін құрайды. Сәйкесінше еліміздің тәуелсіздік жылдарында Алматы Олимпиадаға қатысқан 56 спортшыны дайындап шығарған. Сонымен қатар биылғы республикалық жазғы Спартакиадада Алматы қаласы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Команда қоржынында 84 алтын, 71 күміс, 74 қола бар»
Ермек Маржықпаевтың Алматы қаласы тұрғындарымен өткен кездесуде айтқан сөзі.