Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшесі лауазымына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды (бұдан әрі – Кәсіпорын).
Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Тұран көшесі, 59. Байланыс телефоны: +7 702 298 3023.
Кәсіпорынның негізгі қызметі – спортшыларға медициналық тексеру жүргізу және диспансерлік бақылау, сондай-ақ емдеу-алдын алу және оңалту қызметтерін көрсету.
Конкурс 2026 жылғы 13 мамырда сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша өткізіледі: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15 кіреберіс, 625 кабинет.
Конкурсқа жоғары білімі бар және төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі:
денсаулық сақтау саласында немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика, қаржы, бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
көрсетілген салаларда басшылық лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
денсаулық сақтау және (немесе) экономика, бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігі болуы.
Конкурсқа мына тұлғалар жіберілмейді:
өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
заңды тұлға банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт бұрын сол заңды тұлғаның басшысы болған;
бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
байқау кеңесінің басқа мүшелерімен немесе Кәсіпорын басшысымен жақын туыстық немесе жекжаттық қатынастағы тұлғалар.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 13 сәуірден бастап жүргізіледі және хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша мөрленген конвертпен ұсынылады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15 кіреберіс, 625 кабинет.
Конвертте үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі, сондай-ақ мынадай белгі қойылады: «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу конкурсы. 2026 жылғы 13 мамыр сағат 10:00-ге дейін ашуға болмайды».