Қазақстандағы әртүрлі демографиялық топтар арасында құмар ойындар, спорттық бәс тігу және лотереямен қызығудың себептері мен ауқымы туралы республикалық әлеуметтанулық зерттеу

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бюджеттен тыс көздер есебінен Қазақстандағы әртүрлі демографиялық топтар арасында құмар ойындар, спорттық бәс тігу және лотереямен қызығудың себептері мен ауқымы туралы республикалық әлеуметтанулық зерттеу  ұйымдастырды (бұдан әрі – Зерттеу).

Зерттеуді «Qalam» жалпы білім беру инновациялық қоры «BRIF Research Group» ЖШС-мен бірлесіп жүргізді.

Жаппай сауалнамаға еліміздің түкпір-түкпірінен Қазақстан Республикасының 5 998 азаматы қатыстырылып, ойын бизнесі саласындағы және онымен байланысты салалардан 20 сарапшымен сұхбат жүргізілді. Министрліктің қарауына келесі мәліметтерді қамтитын Зерттеу туралы есеп ұсынылды.

Респонденттердің сипаттамасы.

Жас ерекшеліктері бойынша топтастырылған респонденттер құрады:

- 18-23 жас аралығында – 1 205 адам немесе 20,1 %;

- 24-29 жас аралығында – 1 232 адам немесе 20,5 %;

- 30-39 жас аралығында – 1 613 адам немесе 26,9 %;

- 40-49 жас аралығында – 739 адам немесе 12,3 %;

- 50-59 жас аралығында – 621 адам немесе 10,3 %;

- 60 жас және жоғары – 588 адам немесе 9,8 %.

Қызмет ету түрі бойынша 1396 респондент (немесе 23,3 %) жеке компанияларда жалдамалы жұмысшылар болып табылады; 970 (немесе 16,2 %) -өзін-өзі жұмыспен қамтушы; 909 (немесе 15,2 %) - мемлекеттік қызметшілер;
749 (немесе 12,5 %) – студенттер; 612 (немесе 10,2 %) – кәсіпкерлер; 533 (немесе 8,9 %) – коммерциялық емес ұйымдардағы жалдамалы жұмысшылар; 449 (немесе 7,5 %) – зейнеткерлер және 379 (немесе 6,3 %) – уақытша жұмыссыздар.

Білім деңгейі бойынша 2 673 респонденттің (немесе 44,6 %) – білімі жоғары; 1 658 (немесе 27,6 %) – орта-арнаулы; 725 (немесе 12,1 %) – орта; 696 (немесе 11,6 %) – толық емес жоғары; 151 (немесе 2,5 %) – толық емес орта және 94 (немесе 1,6 %) – ғылыми дәрежесі бар.

Табыс деңгейі бойынша респонденттер келесі бөлініске ие:

- 50 мың теңгеге дейін – 210 адам (немесе 3,5 %);

- 51 мыңнан 100 мың теңгеге дейін – 766 адам (немесе 12,8 %);

- 101 мыңнан 200 мың теңгеге дейін – 1 802 адам (немесе 30,1 %);

- 201 мыңнан 300 мың теңгеге дейін – 1 465 адам (немесе 24,4 %);

- 301 мыңнан 400 мың теңгеге дейін – 671 адам (немесе 11,2 %);

- 401 мыңнан 500 мың теңгеге дейін – 314 адам (немесе 5,2 %);

- 501 мыңнан 1 миллионға дейін – 221 адам (немесе 3,7 %);

- 1 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін – 61 адам (немесе 1,0 %);

- 2 миллион теңгеден жоғары – 31 адам (немесе 0,5 %);

- жауап беру қиын деп санағандар – 454 адам (немесе 7,6 %).

Халықтың құмар ойындарға қызығушылығының дәрежесі бойынша.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің арасынан 3,5 % тұрақты түрде жерде орналасқан казинолар мен ойын автоматтары залдарына барады,
3,7 % тұрақты түрде интернет-казино қызметін пайдаланады (Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған), 3,7 % лотерея ұтысы ойындарына тұрақты қатысатындар, 3,5 % лицензиясы бар букмекерлік кеңселердің онлайн платформаларында тұрақты бәс тігушілер және 3,7 % заңсыз букмекерлік кеңселердің онлайн платформаларында тұрақты бәс тігушілер (көрсетілген үлестерді бір-біріне қосып қорытындылау мүмкін емес, себебі бір респондент бірнеше жауап нұсқасын белгілеуі ықтимал екенін атап кету жөн). Бұл ретте құмар ойындарға ешқашан қатыспаған респонденттердің үлесі 71,0 % құрады.

Халықты құмар ойындарға тартудың негізгі механизмдері бойынша.

Халықты құмар ойындарға тартудың негізгі тетіктері ретінде сауалнама нәтижелері респонденттердің 35,4% құмар ойындар туралы алғашқы рет достары мен таныстарынан білгенін; әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жарнамалардан респонденттердің 20,2 % білгенін; респонденттердің 11,2% отбасы мүшелерінен білгенін; 7,4% – дәстүрлі БАҚ-тағы жарнама арқылы және 5,0 % – жұмыс орындарынан білгенін көрсетеді.

Халықтың құмарлықтың алдын алу және құмар ойындарға, лотереяларға және спорттық бәс тігуге қатысты тәуелділікпен күресуге көмек көрсету инфрақұрылымының қолжетімділігі туралы хабардар болу дәрежесі бойынша.

Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 31,3 % ауыр эмоционалдық-психологиялық жағдайда қайда және кімге хабарласу керектігін жақсы біледі; ішінара хабардарлар – 35,1 % және кәсіби көмек алу үшін қайда және кімге жүгіну керектігін мүлдем білмейтіндердің үлесі 33,1 % құрады.

Құмар ойындармен тұрақты түрде шұғылданатын адамдардың санын бағалау.

«Qalam» қорының ғылыми қызметкерлері құмар ойындармен тұрақты шұғылданатындар Қазақстан азаматтарының санын есептеу мақсатында келесі әдістемені пайдаланды:

1) тұрақты түрде ойнайтын респонденттер жас ерекшеліктері бойынша топтастырылып бөлінген;

2) әрбір жас ерекшеліктері бойынша бөлінген топ үшін жалпы іріктеудегі бос уақытты құмар ойын ойнап өткізу үлесі есепке алынды;

3) Статистика бойынша бюросының деректерін негізге ала отырып, жас ерекшеліктері бойынша бөлінген әрбір топтағы қауымның жалпы саны анықталды;

4) жас ерекшеліктері бойынша бөлінген топтың (2 тармақ) пайыздық бөлінісі халықтың санына (3 тармақ) қолданылған.

Осылайша, Қазақстан азаматтары арасында құмар ойындармен тұрақты түрде айналысатын адамдардың құмар ойындардың түрлеріне қарай болжамды саны келесідей:

- лицензиясы бар казино және ойын автоматтары залы – 459 444 адам;

- интернет-казино (Қазақстанда тыйым салынған) – 484 055 адам;

- лицензиясы бар букмекер кеңселері – 456 276 адам;

- лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселер – 494 019 адам;

- заңды лотереялар – 491 710 адам.

Сарапшылардың пікірінше, лудомания психологиялық тәуелділіктің тек бір түрі ғана. Құмар ойындарға тәуелділік қанағаттанарлықсыз шындықтан және жағымсыз эмоциялардан, стресстен, алаңдаушылықтан, депрессиядан немесе зерігуден құтылудың тәсілі ретінде өрбуі мүмкін. Бұл жағдайда құмар ойындар жылдам, жағымды эмоцияларды қалпына келтіру тәсілі ретінде әрекет етеді, бұл өз сезімдерімен күресуді қиын санайтын адамдар үшін неге соншалықты тартымды екенін түсіндіреді.

Сонымен қатар, сарапшылар құмар ойындарға тәуелділіктің таралуына заңсыз ойын бизнесінің көбеюі әсер ететіндігін баса айтуда.

Негізінен шетелден басқарылатын заңсыз ойын бизнесін мемлекет ішінде реттеуге мүмкіндік жоқ және халық алдында ешқандай жауапкершілік көтермейді, бұл құмар ойындарға тәуелділік қаупін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерді заңсыз құмар ойындарға тарту қаупін айтарлықтай арттырады.

Айта кету керек, барлық сарапшылар құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуды, басқа да тәуелділіктер секілді мектеп жасында (4-6 сыныптар) бастау қажет деген пікірде. Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу үшін, ең алдымен, тәуелділік мінез-құлыққа бейімділігін көрсететін белгілерді ерте анықтауға бағытталған профилактикалық диагностика қажет, сондай-ақ тәуелділіктің дамуын болдырмауға көмектесетін әдістерді қолдану қажет. Бұл эмоционалды тұрақтылық пен өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.

Республиканское социологическое исследования о причинах и масштабах увлечения азартными играми, спортивными пари и лотереями среди различных демографических групп в Казахстане
Дата публикации
20 мая 2025