Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
2019-2021 жылдарға арналған
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 001 «Мәдениет, спорт және туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы – Б.Б. Темірболат
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңы; «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы; «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңы; «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы; «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылы 9 сәуірдегі Заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 401 қаулысы; «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы.
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық;
мазмұнына қарай:
іске асыру түріне қарай: жеке;
ағымдығы/даму:
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мәдениет, спорт және әлеуметтік-саяси өмір саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
- министрліктің мәдениет, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер, лотерея және лотереялық қызметі, архив ісі және құжаттама, туристік қызмет салаларында, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі салаларында қызметін қамтамасыз ету;
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі). Мәдениет, спорт және туристік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған Министрлік пен оның комиттеттерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар.