2020 жылдың 9 айы бойынша Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты жұмыстың жай-күйіне шолу

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша  Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне 425 жазбаша өтініш келіп түсті:

оның ішінде: заңды тұлғалардан  -120;

                       жеке тұлғалардан– 305.

Түрлері бойынша: өтініштер –174; шағымдар-17,  ұсыныстар, сұрау сауалдар, үн қосу –234.

Қанағаттандырылды және түсініктеме берілді -406, орындалуда -19.

Өтініштер спорттың әр алуан түрін дамыту және осы саланы қаржыландыру мәселелеріне қатысты, оның ішінде:

Мемлекеттік қызметтер мәселесі - 54,

бұқаралық спорт түрлері -51,

жазғы спорт түрлері  - 51,

қысқы  спорт түрлері -41,

ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс бойынша -27,

спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері  - 32,

қаржы, құрылыс, құқықтық, кадрлық және т.б. мәселелер бойынша – 169.

Барлық түскен өтініштер уақтылы қаралып, өтініш иелеріне жауаптар заңнамада белгіленген мерзімде жолдануда.

2020 жылдың 9 айында басшылар  10 азаматты қабылдады: оның ішінде  жеке тұлғалар -8, заңды тұлғалардың өкілдері – 2.

Қабылдау қорытындылары бойынша барлық азаматтарға түсініктеме берілді.

2020 жылдың 9 айы бойынша Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты жұмыстың жай-күйіне шолу
Дата публикации
05 октября 2020