Ойын бизнесі саласында берілген рұқсаттар бойынша АНЫҚТАМА

«Ойын бизнесі туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сай ойын бизнесі саласы лицензиялануға жатады.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ойын бизнесі саласында
4 түр бойынша лицензиялар беріледі.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі порталында орналасқан мәліметтерге сәйкес бүгінгі күнге ойын бизнесі саласында қолданыстағы 26 лицензия бар.

Олар:

Казино қызметімен айналысуға рұқсат етілген лицензиялардың саны – 6;

Ойын автоматтары залы қызметімен айналысуға рұқсат етілген лицензиялардың саны - 9;

Букмекерлік кеңсе қызметімен айналысуға рұқсат етілген лицензиялардың саны - 11;

Тотализатор қызметімен айналысуға рұқсат етілген лицензиялардың саны - 0.

Сонымен қатар, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес казино, ойын автоматтары залы, букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлар кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.

Осы ретте:

- Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауында (Қонаев қаласы) 5 казино, 8 ойын автоматтары залы, 8 букмекерлік кеңсе орналасқан;

- Ақмола облысының Бурабай ауданында 1 казино және 1 ойын автоматтары залы, 3 букмекерлік кеңсе орналасқан.

2024 жылы 1 казино, 1 ойын автоматтары залы, 3 букмекерлік кеңсеге ойын бизнесі саласындағы лицензиялар берілген.

Ойын бизнесі саласында берілген рұқсаттар бойынша АНЫҚТАМА
Дата публикации
23 сентября 2024