Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне 2021 жылдың 1 тоқсан ішінде жеке және заңды тұлғалардан 610 өтініш келіп түсті, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы жіберілген азаматтардың өтініштерінің саны 154 (25 %).
Өтініштердің басым бөлігі жеке тұлғалардан 431 (71%) келсе, заңды тұлғалардан 179 (29%) өтініш келіп түсті.
Өтінішпен 465 (76,23%), арызбен – 2 (0,33%), сұрау салумен – 135 (22,1%), ұсыныстар мен пікірлермен – 8 (1,31%) азаматтар өтініш білдірді.
Өтініштердің көптеген бөлігі қазақ тілінде 289 (47%), орыс тілінде 321 (53%). Өтініш иелеріне жауап заңнамаға сәйкес өтініш тілінде жіберілген.
Өтініштегі мәселелер: мәдениет, тарих, өнер, сәулет, әдебиет және театр мәселелері бойынша – 292 (48%), тілдерді дамыту – 32 (5%), ойын бизнесі және лотерея қызметі – 23 (4%), дене шынықтыру және спорт – 91 (15%), туризм – 28 (5%), өзгелері – 144 (23%).
Барлық өтініштер уақтылы қаралды, ал азаматтар және заңды тұлғалар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес уақтылы, жауап алды.
Барлық өтініш уақытылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтарындағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауап алды.