Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
m.tulebaev@tsm.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Төлебаев Мирас Қалиұлы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары
Общая информация, образование

1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 

Карьера

Еңбек жолын 2008 жылғы шілде айында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ Корпоративтік даму және стратегиялық талдау департаментінің бас маманы болып бастаған.  2009 жылғы наурыз айында Экономикалық жоспарлау департаментінің бас менеджері қызметіне ауыстырылып, 2010 жылдың қаңтарына дейін осы қызметте еңбек етті.

2010 жылдың ақпанынан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс атқарды: 

2010-2011 жылдары – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Лицензиялау лицензиялаудан кейін бақылау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы.

2011-2012 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің Лицензиялау лицензиялаудан кейін бақылау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы.

2012-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Мемлекеттік инспекциялық комитетінің Лицензиялау және заң қызметі басқармасының бас сарапшысы. 

2014-2015 жылдары – Қызылорда облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 

2015-2016 жылдары – Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.

2017 жылы – Елорданы тұрақты дамыту орталығы директорының орынбасары. 

2017-2022 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының басшысы. 

2022-2023 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары. 

2023-2025 жылдары – ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары.

2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жеке құрылымдарда басшылық қызметтерде  жұмыс істеді.

2026 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы