Меню

Страницы

Статья

Еңбек қатынастары

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

1) Меншік нысанына қарамастан облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында тексерістерді жүргізу арқылы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) Тексеріс жүргізу арқылы бар бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және шетелдік жұмыс күшін тарту заңдылығы туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру туралы жұмыс берушілер міндеттерінің сақталуы бөлігіндегі халықты жұмыспен қмту мәселесі бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3) Тексерістің нәтижесі бойынша еңбек заңнамасы, халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларының анықталған бұзушылықтарын жою үшін, жұмыс берушілерге нұсқамалар беру;

4) Еңбек заңнамасының, халықты жұмыспен қамту бойынша бұзушылықтарға жол берген лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі хаттамалар мен қаулыларды құрастыру;

5) Қызметкерлердің еңбек құқықтарына шк қоятын кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен өзге лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;

6) еңбек қатынастары саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеру;

7) жұмыс берушілермен ұсынылған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру.   

Мемлекеттік еңбек инспекциясының құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, шағымдары мен арыздарын және басқа да өтініштерін қарау.

1) Тексеріс жүргізе отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, шағымдары мен арыздарының қаралуын жүзеге асыру, жұмыс берушілерге тиісті шаралар қабылдап,  арыз иелеріне жауап дайындау;

2) Еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына бақылау, соның ішінде жұмыскерлердің еңбектерін ешбір кемсітусіз тепе-тең еңбекке тепе-тең төлеу, демалысқа, еңбек жағдайларына құқықтары;

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

  1. Алдын-алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, халық арасында және еңбек ұжымдарында ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасының ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  2. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер мен семинарлар жұмыстарына қатысу;
  3. ҚР еңбек заңнамасына сәйкес дәрістер өткізу;
  4. ҚР еңбек заңнамасы мәселесі бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және кеңес беруді жүзеге асыру.

Басқарма басшысымен өз құзыреті шегінде мемлекеттік еңбек инспекторларға жүктелген өзге де міндеттер

  1. департамент басшылығы өкімдерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
  2. жоғары тұрған мемлекеттік органдарымен және департамент басшылығымен өз құзіреті шегінде мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген өзге функцияларын орындау.
Дата публикации
12 ноября 2024
Дата обновления
12 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы