«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй
және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды
2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 273 371 өтініш орындалып, жалпы сомасы 46,83 миллион АҚШ долларынан астам қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 29,40 млн АҚШ долларына 171 696 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 17,43 млн АҚШ долларына 101 675 өтініш қанағаттандырылды. Нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (28,79 млн АҚШ долларына 167 776 өтініш орындалды). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу үшін 214,39 мың АҚШ долларына 1345 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 144,47 мың АҚШ долларына 938 өтініш қанағаттандырылды.