Қазақстан Республикасы мен Моңғолия азаматтарына Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы  

Қазақстан Республикасы мен Моңғолия азаматтарына

Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы

 

01.04.2026 ж. бастап Қазақстан Республикасы 09.02.2026 ж. ратификациялаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы 29.10.2024 ж. келісімі (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді.

Келісім мемлекеттердің бірінің аумағында тұрақты тұратын және басқа мемлекеттің аумағында еңбек (сақтандыру) өтілі бар Қазақстан Республикасы мен Моңғолия азаматтарына қолданылады.

Уәкілетті органдар

Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар:

  • Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
  • Моңғолияда - Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Құзыретті органдар

Келісімнің 1-бабының 1-тармағына сай құзыретті орган - Келісімді іске асыратын Тараптардың мекемесі және (немесе) ұйымы.

Қазақстан Республикасында Келісімді іске асыру бойынша құзыретті органдар:

  • «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары:

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар Моңғолия азаматтарынан не олардың өкілдерінен өтініштер мен құжаттарды қабылдау жөнінде жұмысты ұйымдастыру бойынша;

 мәліметтер мен құжаттарды дайындау, өңдеу жөнінде, жинақтаушы зейнетақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы) туралы шешімдер қабылдау жөнінде жұмысты ұйымдастыру бойынша;

жинақтаушы зейнетақы төлеу жөнінде жұмысты ұйымдастыру бойынша;

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, соның ішінде:

Моңғолияда жасына байланысты зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында жинақталған жұмыс өтілін растау кезінде Моңғолияның құзыретті органының сұраныстарына жауап беру бойынша;

 Қазақстан Республикасында жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде Моңғолия аумағында жинақталған жұмыс өтілін растау бойынша.

Дата публикации
16 апреля 2026