Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,36 трлн теңгеден асты

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,36 трлн теңгеден асты

 

01.02.2026 жылғы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  26,36 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,74 трлн теңгеге немесе 16,5%-ға өсті.

2026 жылдың 1 ақпанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,81 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 14,4%. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 736,07 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,2%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша көлемі 9,89 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2026 жылдың 1 ақпанына 807,75 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың қаңтар айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 264,65 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,0%-ға (немесе 30,41 млрд теңгеге) артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 ақпанға дейін 211,73 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 5,7%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 14,00 млрд теңге (өсім – 15,0%), ЕЗЖ – 185 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 38,74 млрд теңгені құрады.   

Дата публикации
13 марта 2026