БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасын іске қосты

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша

invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасын іске қосты

 

БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша  invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Платформа инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктірді және ұсынылатын инвестициялық қызмет туралы деректердің жүйелілігін қамтамасыз етеді.

Жобаның мақсаты – зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы деректерді жариялауды үндестіру және инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін факторларды түсіндіру арқылы халықты хабардар етуді арттыру және зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктеріне қатысты тұрақты түсінік қалыптастыру.

 

Дата публикации
13 марта 2026