2026 жылдың басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 10 миллионнан астам қызмет көрсетті  

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

2026 жылдың басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 10 миллионнан астам қызмет көрсетті  

 

«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің негізгі элементі. Ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Басты міндеті – азаматтардың зейнетақы қорларын жинақтап, болашақта алатын төлемдерін қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы алуға қажетті соманы жинап қана қоймай, қаржылық болашағын жоспарлауға белсенді қатысуға мүмкіндік береді. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматтағы түрлі қызметтер ұсынады және оларды тұтынушылардың қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 

01.01.2026ж. мен 31.01.2026ж. аралығында Қор халыққа халыққа 10,8 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 2,7 млн-ы электрондық форматта, 7,9 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 99,2%-ын құрады. Салымшыларға 80,5 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 78,5 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. 

Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны – 414,5 мың. 

Дата публикации
13 марта 2026