|
Сұрақ |
Жауап |
|
1. Баламның «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы екенін қалай тексеруге болады?
|
БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөлімінде баланың ЖСН-ін енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз. Нәтижесінде баланың қай есепті жылдан бастап бағдарламаға қатысушы екені және жинақталған мақсатты талаптардың жалпы сомасы көрсетіледі.
|
|
2. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде?
|
Нысаналы талаптар – Үкіметтің Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтары алдындағы міндеттемелері. Олар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен жыл сайын қалыптастырылады. Нысаналы жинақтар – Қазақстан Республикасының нысаналы жинақ алуға құқығы бар 18 жасқа толған алушы-азаматының нысаналы жинақтау шотында жинақталған нақты ақша. Яғни, бала 18 жасқа толғанда оның нысаналы талаптары ақшалай балама түріндегі (АҚШ долларымен) нысаналы жинаққа айналып, БЖЗҚ-дағы жеке шотына аударылады.
|