«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін
сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 30 желтоқсанда инвестициялық портфельді басқарушы – «Halyk Global Markets» АҚ-дан (Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы) (бұдан әрі – ИПБ) 2021 жылғы 18 ақпанда жасалған № 17/6/18-02-21/П зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) ИПБ-ның бастамасы бойынша бұзу жоспарланғаны туралы мәлімдеме алынғанын хабарлайды.
Аталған хабарлама заңнама талаптарына сәйкес жолданған. Заңнамаға сәйкес, ИПБ Шартты оны жасасқан күннен бастап кемінде бір толық күнтізбелік жыл өткеннен кейін өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Бұл ретте толық күнтізбелік жыл деп 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең[1] түсініледі.
ИПБ Шартты өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда, оның жоспарланған бұзылу күнінен кемінде бір күнтізбелік жыл бұрын уәкілетті органды, БЖЗҚ-ны және зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтауды жүзеге асыратын кастодианды хабардар етуге, сондай-ақ өзінің корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды орналастыруға міндетті. Осындай хабарлама болған жағдайда БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру туралы жаңа өтініштер қабылдамайды[2]
[1]Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 7-3-тармағы
2Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру Қағидаларының 58-тармағы
3Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 59-тармағы
4Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 60-тармағы