БЖЗҚ: 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетті  

БЖЗҚ: 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетті  

 

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,97 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,18 трлн теңгеге немесе 13,9%-ға өсті.

2026 жылдың 1 қаңтарында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,48 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 11,9%. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,58 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 11,1%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 22,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша көлемі 9,73 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2026 жылдың 1 қаңтарына 760,15 млрд теңге болды.

Дата публикации
10 февраля 2026