2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 807,19 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 032,97 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 690,47 млрд теңге. 

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 83,75 млрд теңге. 

 

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

Дата публикации
14 января 2026