АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер, Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн форматтағы Ашық есік күні өткізілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген. Алайда, бұл өзгерістің Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге еш қатысы жоқ.