Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,11 трлн теңгеден асты
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,11 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,22 трлн теңгеге немесе 20,2%-ға артты.
2025 жылдың 1 қыркүйегінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 23,84 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 18,6%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 710,63 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,3%.
Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім - 36,0% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша көлемі 9,21 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 552,11 млрд теңге болды.