АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (Қор/БЖЗҚ) қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады.
01.01.2025ж. мен 31.08.2025ж. аралығында халыққа шамамен 30,8 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 17,7 млн-ы электрондық форматта, 12,0 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға 645,9 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 633,7 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.