Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 23,34 трлн теңгеге жетті, бір жылдағы өсім – 21,3%

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 23,34 трлн теңгеге жетті,

бір жылдағы өсім – 21,3%

 

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  23,34 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,10 трлн теңгеге немесе 21,3%-ға артты.

2025 жылдың 1 маусымында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,25 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,9%.  Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 666,33 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,7%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (37,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша көлемі 8,45 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 маусымына 418,45 млрд теңге болды.

Дата публикации
07 августа 2025