Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 01.07.2025 жылға 24 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 4 трлн теңгеден аса немесе 20,9% өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 шілдеге 22,85 трлн теңгеге жетіп, 12 айда 18,7% ұлғайды. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 12 ай ішінде 10,2% өсіп, 683,10 млрд теңгені құрады.

Ең көп жылдық өсімді ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олар 12 ай ішінде 35% артып, 8,73 млрд теңгеге жетті.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 2025 жылғы 1 шілдеге 463,98 млрд теңге болды.

.

Дата публикации
07 августа 2025