АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Зейнетақы жинақтарының 40% астамын таза инвестициялық кіріс құрайды 

 

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары олар аударатын жарналардан және зейнетақы активтерін басқару нәтижесінде алынған инвестициялық кірістерден құралады. Барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап (2014 жылғы 1 сәуір) 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жинақтардың жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі жүргізілген төлемдерді ескергенде 40,5% құрайды, жинақталған таза инвестициялық кірістің көлемі 12,18 трлн теңгеден асты.

2025 жылдың алғашқы айларында байқалған қысқа мерзімді ауытқуларға қарамастан, 6 айдағы инвестициялық кіріс шамамен 350,7 млрд теңгеге жетті. ҚРҰБ басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылғы шілдеден бастап 2025 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айда 12,22% құрады. Бұл кезеңдегі инфляция 11,8% тең болды. ЖМЗЖ-ның 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы 12 айдағы табыстылығы 12,15%.

Егер неғұрлым ұзақ кезеңді қарастыратын болсақ, онда орта және ұзақ мерзім ішінде зейнетақы жинақтарының жинақталған инфляция деңгейінен асатын оң нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 996,28% құрады. Бүкіл кезеңдегі инфляция - 892,73% тең.

Дата публикации
07 августа 2025