БЖЗҚ қызметтері: жеңіл және ұтқыр

БЖЗҚ қызметтері: жеңіл және ұтқыр

БЖЗҚ зейнетақы жүйесіне қатысты түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп келсе де, сауалдар азаяр емес. Жарналардың қандай түрлері бар?  Жұмыс беруші оларды қалай, ең бастысы, қаншалықты аударып жатыр? Зейнетақы қалай тағайындалады? Тізе берсек шегі жоқ. Ірі қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары бұл сұрақтардың жауабын БЖЗҚ кеңсесіне барып, кәсіби мамандармен тікелей жүздесе отырып ала алады. Ал шалғай ауыл-аймақтардағы отандастырымыздың сұранысын қалай қанағаттандыруға болады?  Олқылықтың орнын толтыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылжымалы “Мобильді кеңсені” іске қосты.

“Мобильді кеңсе” деген не?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры “Мобильді кеңсе” жобасын 2018 жылы қолға алды. Бұл – көлікке орналастырылған шағын кеңсе. БЖЗҚ мамандары ноутбук, жоғары жылдамдықты интернет, принтер, Қор базасы сияқты түрлі қажет құрылғымен жабдықталған шағын автобуспен елді мекендерді аралап, тұрғындарға арнайы қызмет көрсетеді.

Дата публикации
07 августа 2025