Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде

Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде

 

              «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.

              Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.   

              Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады. Яғни, зейнетақы төлемін мемлекеттік бюджеттен алатын зейнеткерлердің зейнетақы жинақтары бар болса, БЖЗҚ-дан төлемдер ала бастайды.

Дата публикации
18 июля 2025